Күкіртті мұнаймен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Жоғары тұтқыр, күкіртті мұнай өндіруге арналған жабдықты пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға медициналық куәландырудан өткен және жұмыстың осы түрін орындауға қарсы көрсетілімдері жоқ, мамандығы бойынша, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, жеке қорғану құралдарын қолдануға, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары мен тәсілдеріне оқытылған 18 жастан кіші емес адамдар жіберіледі. Персонал өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытылады және емтихан тапсырады.
Оқудан кейін
Оқудан өтіп, бағдарламаны сәтті меңгергендерге өтілген бағдарламаға байланысты белгіленген үлгідегі куәлік немесе кәсіптік қайта даярлау туралы диплом, сондай-ақ хаттамадан үзінді көшірме беріледі.
Барлық персонал дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдеріне оқытылады. Газдан уланудан, күйіктерден, жарақаттардан және басқа да жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамды тапқан кез келген жұмыскер зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Әрбір кәсіпорында авариялық бригадалармен кейіннен персоналдың іс-әрекеттерін бағалай отырып, жаттығу сабақтары өткізіледі.
Нормативтік негіз
Қызмет көрсетілетін талаптар. Сілтемелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне апарады.
- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы
- Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 бұйрығы)
- Жоғары тұтқырлы, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 343 бұйрығы)
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығы)
«SOTESC» ЖШС мамандандырылған компаниясы компаниялар мен жеке тұлғаларға күкіртті мұнаймен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту жүргізеді.