Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқыту
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми мәліметтері бойынша тек 2020 жылы ғана Республикада ауыр салдарға, соның ішінде адам өліміне, әкімшілік және қылмыстық істер қозғауға әкеп соққан 1 239-дан астам өрт тіркелген.
Объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер және объектіні иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар жеке тұлғалар қамтамасыз етеді — Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 3-тармағы (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы) және ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16, 18-баптары.
Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларының 26-тармағы (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы): Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген ұйымдардың басшылары мен жұмыскерлері өрт-техникалық минимум (бұдан әрі — ӨТМ) бойынша өндірістен қол үзе отырып оқуды жұмысқа қабылданғаннан кейін бір ай ішінде, одан әрі соңғы оқыған күнінен бастап үш жылда кемінде бір рет өтеді. Өндірістен қол үзбей оқыту жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
ӨТМ-ді оқу орталығында, өндірістен қол үзе отырып кім өтеді
- Ұйымдардың басшылары.
- Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптылар.
- Жарылыс-өрт қаупі және өрт қаупі бойынша А, Б санаттағы үй-жайлары, ғимараттары, құрылысжайлары мен қондырғылары бар объектілердің жұмыскерлері (объектінің функционалдық мақсатына байланысты емес қызметті жүзеге асыратын қосалқы персоналды қоспағанда).
- Электргаздәнекерлеу жұмыстарын, бензинмен кесу, желім, мастика, полимер материалдарын, дәнекерлеу шамдарын, алау мен оттықтарды, битумды пайдалана отырып жұмыстарды, сондай-ақ жылу мен ұшқын бөлінуімен қатар жүретін жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер.
- Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты жұмыскерлер.
- Адамдар жаппай болатын объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлері, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінде.
Оқу нәтижелері бойынша:
Оқуды аяқтау нәтижесінде мерзімі 3 (үш) жыл белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Ол міндетті журналдарды жүргізуге және компанияда өрт қауіпсіздігі бойынша ішкі құжаттарды — бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, нұсқама бағдарламаларын, ережелерді әзірлеуге құқық береді.
Нормативтік негіз
Қызмет көрсетілетін талаптар. Сілтемелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне апарады.
- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы
- Өрт қауіпсіздігі қағидалары (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы)
- Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы)
«SOTESC» ЖШС мамандандырылған компаниясы компаниялар мен жеке тұлғаларға өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқыту жүргізеді.