Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы объект пен онда қолданылатын жабдықтың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындайды. ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 73-бабына сәйкес сараптамаға қауіпті техникалық құрылғылар, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар мен материалдар жатады. Оны өтініш берушіден тәуелсіз аттестатталған ұйымдар өтініш берушінің қаражаты есебінен жүргізеді; нәтижесі — сараптамалық қорытынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығын сол Заңның 72-бабы бойынша заңды тұлғаны аттестаттау береді — Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларында (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығы) белгіленген тәртіппен. Осы бап өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау құқығына аттестаттауды да қамтиды.
Аттестат
«SOTESC» ЖШС ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған: өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау, газ тұтынатын жүйелерге техникалық қызмет көрсету. Аттестат бес жыл қолданылады.

Толық өлшемде ашу
Объектінің техникалық жай-күйін зерттеп-қарау қашан қажет
- Жауапты (көтергіш) элементтер мен қосылыстарда бұзылу қаупін төндіретін ақаулар мен зақымданулар, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігі анықталғанда.
- Өрттер мен дүлей зілзалалардың салдарынан кейін.
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары нұсқама бергенде.
- Ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасының, технологиялар мен өндірістің өзгеруіне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгергенде.
- Жөндеудің немесе реконструкциялаудың экономикалық орындылығын анықтау.
- Нормаланатын табиғи-климаттық әсерлер (қар, жел әсерлері) ұлғайғанда;
- Салынып жатқан объект 6 айдан астам мерзімге консервацияланғанда немесе тоқтатылғанда.
- Пайдаланылатын үй-жайды немесе құрылысты жаңғыртқанда, реконструкциялағанда, қайта жарақтандырғанда, нысаналы мақсатын өзгерткенде.
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық зерттеп-қарауға не кіреді
- Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін зерттеп-қарау және бағалау;
- Ғимарат пен құрылыстың ағымдағы жай-күйін мониторингтеу, одан әрі қауіпсіз пайдалану үшін ұсынымдар әзірлеу;
- ҒжҚ мониторингі жүйелерін әзірлеу;
- Конструкцияларды, инженерлік желілер мен жабдықтарды зерттеп-қарау;
- Жобалық шешімдерді әзірлеу;
- Конструкциялар мен материалдарды зерттеу;
- Телевизиялық зерттеп-қарау;
- Аяқталмаған құрылысты бағалау;
Нормативтік негіз
Қызмет көрсетілетін талаптар. Сілтемелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне апарады.
- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы
- Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығы)
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығы)
«SOTESC» ЖШС мамандандырылған компаниясы компаниялар мен жеке тұлғаларға ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізеді.